ҚФҚ Шығыс Қазақстан облысы басқармасы облысымызда тауарлы сүт фермасын салуға бөлінген Инвестициялық Жобаларға бөлінген қаржыны игеру саласындағы іс сапарға Шемонаиха ауданы, “Хамзин и К” ЖШС мекемесіне барып қайтты.
Облыс ауыл шаруашылығы басқармасы,облыстық кәсіпкерлер палатасы мекемесімен бірігіп Мемлекет тарапынан Инвестициялық Жобаларға бөлінген қаржылардың нақты,дұрыс,ысырапсыз пайдаланылып,әр салынған нысан құрылысының уақытында жүргізілуін қадағалап отыратын боламыз.