Перейти к содержимому

Польша Республикасы туралы ойлар

    Польша экономикасының өсімі

    Польша Еуропа елдерінің арасында ең жылдам өсіп келе жатқан жұмыссыздық мөлшері төмен экономикаға ие. 1990-2015 жылдар арасында жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) екі есе өсті. Ал 2021 жылы ЖІӨ 661.7 миллиард АҚШ долларына жетті (Еуропа аумағында 28 мемллекет ішінде 6 орында). (Ал Қазақстанда 2022 жылы ЖІӨ көлемі 217 миллиард долларды құрады) Айтылмыш 1990-2015 арасында жан басына шаққандағы Польшада ЖІӨ жыл сайын орташа есеппен 7,3% өсіп тұрған – бұл Оңтүстік Корея мен Сингапур секілді елдердің осы кезеңдегі ЖІӨ өсімінен асады. Сондықтан Польшаны Азияның жолбарыс елдері сиықты Еуропа барысы деп атап жатады. Ілгері экономикалық даму 90-шы жылдары түбегейлі нарық реформаларынан басталған.

    2021 жылы Польшаның жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 17 318 АҚШ долларын құрады Қазақстанда 102836 АҚШ доллары, немесе Польшаның ЖІӨ бізден 1,7 еседен жоғары.

    Польшаның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 661.7 миллиард АҚШ долларын құраса, ал Қазақстанда ол 217 миллиард доллар, немесе үш еседей кем. Соның салдарынан Польшада ең төменгі жалақы 3 490 PLN (742,54 еуро), немесе 384 234 тенгені құраса, бізде 85 000 тенге немесе 4,5 еседей кем.

    Польша экономикасының да әлсіз тұстары бар. Соның бірі жанар-жағармай бағасы бізден біршама жоғары болуы. Евростандартқа көшуге байланысты А-92 бензинін мүлде пайдаланбайды, А-95 бензині бізде 265 тенге болса, оларда – 850-880 тенге, немесе 3,5 еседей жоғары. Газ бағасы бізде 90 тенге болса, Польшада 325 тенге, немесе 3,6 есе жоғары.

    Ең ұтымды жері-дизель отыны бағаса Польшадада, Германиядада А-95 бензин бағасынан жоғары емес, немесе онымен тең. Бізде ол 30-40 пайызға жоғары, және ол 15 пайызға Мемлекет тарапынан субсидияланып, монополистерге үстеме сыйақы ретінде беріледі.

    Тұрмыстық қызмет көрсету саласы біршама қымбат. Трамвай, троллебус бағасы бізде 150 тенге болса, Польшада 300 тенге 20 минутқа аралығына, артығына қосымша ақшаа төлейсіз. Пәтерлерге тұрмыстық-комуналдақ қызмет көрсету-айына 100,0 мың. тенге, бұл бізден біршама қымбат. Азық-түлік бағалаарыы бізбен қатар, айтарлықтай айырмашылық байқалмады. Барлық жерде тазалық қатаң сақталады және тәртіп бақыланады.

    Азиядан Еуропаға жеткізілетін жүктердің 92% суда кеме жолымен тасымалданады, тек 6,5% — теміржолдың еншісінде. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстанның, Ресейдің, Беларусьтың, Польша мен Германияның теміржол әлеуеті зор. Осыны неге пайдаланбасқа? Бұл, қазіргі кезде Мемлекет тарапынан жасалып жатқан жұмыстардың бір бағыты.