Польшаның ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылық алқаптары елдің жалпы ауданының 51%
құрайды. Ауыл шаруашылық алқаптары алқаптарының құрылымында ең
көп үлестік салмаққа егістік жерлер ие (77%), Қазақстанда жайлымдық жерлер (72%). Бірақ, Қазақстанда жер көлемі Польшадан 9 еседей көп болғанмен жайлым жер қоры есебінен егістік жер көлемі екі еседей ғана артық. Польшада олар 12,2 млн.га құраса, Қазақстанда егістік жерлер 26,1 млн.гектарды құрайды.
Ауыл шаруашылығы алқаптарының құрамы
Польша Қазақстан
Алқап атауы Жалпы ауданы, Үлестік Жалпы ауданы Үлестк
млн.га салмағы, % млн.га салмағы, %
1. Егістік жерлері 12,2 77 26,1 24
2. Бақтар 0,3 1,8 0,2 0,1
3. Шабындық 2,5 16 4,4 3,9
4. Жайылым 0,8 5,2 80,3 72,3
Ауыл шаруашылығы
алқаптарының барлығы 15,9 51 111,0 41
Жерлердің барлығы 31,3 100 272,5 100
Польшадағы қоңыржай ауа-райын және жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері Қазақстаннан 3-4 еседей артық екенн ескерсек, ауылшаруашылық потенциалы бірдей екеніне көз жеткізуге болады. Осы себепті Польшадағы қыраттардың барлығы ауыл шаруашылық дақылдармен себіліп, Евроодаққа кіруіне баланысты ауыспала егістік тәртбі қатаң сақталады. Көптеген ормандар. Ауылдар ормандар мен ауыл шаруашылығы жерлерінің арасында, ірі магистральдардың бойында орналасқан. Жеке қосалқы шаруашылық – ауыл өмірінің негізі.
1991-2005 жылдары Қазақстанда ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын реформалау кезеңінде республика бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің көлемі 136,2 млн. га қысқарды, бірақ кейіннен осы санаттағы жерлердің көлемі жыл сайын өсіп, оның жалпы ұлғаюы 2005 жылдан 2021 жыл аралығында 31,8 млн. га құрды.Сонда жалпы Қазақстанда қосалқы жер резерві 104,8 млн гектарды құрайды.
Польшадағы ауыл шаруашылығы өндірісінің жағдайлары, әсіресе, Еуропалық Одақтың ауыл шаруашылығымен салыстырғанда
әр түрлі. Ауыл шаруашылығы кішігірім аудандармен, жұмыс істеушілердің үлкен санымен, қоршаған ортаның экологиялық жағдайына қолайлы әсер ететін өсімдіктерді қорғау үшін химиялық құралдарды пайдаланудың төмен деңгейімен сипатталынады. Ауыл адамдарының көптеген бөлігі өндірісті
дәстүрлі әдіспен жүзеге асырады. Мал шаруашылығы негізінен өсірудің аз қарқындылығымен жүзеге асырылады, ол табиғи ортаны қорғауға жағымды әсер етеді. Кеңістіктік жоспарлау ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскелерін беруді ескере отырып жүзеге асырылады. Жер учаскелерінің шекараларын қалыптастыруға үлкен көңіл бөлінеді. Бұл жағдай Польшадағы
көптеген ауылдық аудандардың дамуы үшін қажетті шарт болып табылады.
Польшадағы аумақты кеңістіктік жоспарлау мәселелерін шаруашылықтардың кеңістіктік құрылымдарын жетілдіру, қоршаған
орта мен жолдарды модернизациялау негізінде шешіледі.
Польшаның ауыл шаруашылығы жоғары дамыған. Ауыл шаруашылығында өсімдік шаруашылығы басым. Негізгі дәнді дақылдар – қара бидай, бидай, арпа, сұлы, жүгері.
Польша картоптың екінші (Германиядан кейін) өндірушісі және қант қызылшасы (жылына 14 миллион тоннадан астам),, рапс және шошқа етін өндіру бойынша үшінші орында. Мал шаруашылығының жетекші саласы шошқа шаруашылығы; сүт және етті мал шаруашылығы, құс шаруашылығы (Польша Еуропадағы ең ірі жұмыртқа жеткізушілердің бірі болып табылады); ара шаруашылығы. Теңізде балық аулау және бұғы өсіру (Люблин воеводасындағы маралдар мен бұғылар).
Польша индустриялы-аграрлы ел. Экономикасының жетекші салалары — машина және кеме жасау, металл өңдеу, химия, тамақ, тоқыма өнеркәсіптері. Елдің ауыл шаруашылығы негізінен қара бидай, астық, сұлы, жеміс-жидек және етті-сүтті ірі қара мал мен шошқа өсіруге бағдарланған. Экспортқа машина, химия, металл, тамақ, тоқыма өнімдері мен мыс, тас көмір шығарып, сырттан құрал жабдықтар, тұрмыстық тауарлар, шикізат алады.
Суретте Полшадағы қант қызылшасы плантациясы картоп пен қырыққабаттың негізгі өндірушісі болып табылады. Алма, құлпынай, таңқурай, қарақат, сарымсақ және пиязды экспорттау үлкен маңызға ие. Польша — әртүрлі ауылшаруашылық өнімдерінің негізгі еуропалық өндірушісі. Ел ЕО-да құс еті мен алманың ең ірі өндірушісі,
Қазақстан мен Польша арасындағы тауар айналымы 1 млрд. АҚШ долларынан астам соманы құрайды. Қазақстанға Польша фармацевтикалық, косметикалық өнімдер мен қантты тасымалдайды. Ал Қазақстан минералдық өнімдерді, көмір мен бидайды экспорттайды. Бүгінгі таңда елімізде 200-ден астам польшалық компаниялар қызмет етеді.
ЕО-ға мүше мемлекет ретінде Польшаның қалған 28 елдің ортақ нарығына, сондай-ақ ЕО-ның ауылдық аумақтарды дамыту қорларына бажсыз кіру мүмкіндігі бар. Поляк фермерлері бұл қаражатты өз қызметін жаңғырту үшін кеңінен пайдаланды және бұл поляк ауыл шаруашылығын өзгерту мен жаңғыртудың қозғаушы күші болып табылады. Бізде ондай мүмкіндіктер шамалы.
Еуропада орташа есеппен фермерлер табысының 60% тікелей субсидиялардан тұратынын есте ұстаған жөн. Субсидиялары барлық табыстарын құрайтын фермерлер бар — оларда ең нашар жағдайлар бар, олар негізінен Еуропаның солтүстігінде — Финляндияда, Швецияда. Бұл елдер ауыл шаруашылығына үлкен субсидия береді. Еуропалық жағдайда субсидиясыз шаруашылық жүргізу өте қиын, өйткені Еуропадан тыс бәсекелестік өте күшті.
Польшада ауыл шаруашылығы ғылым жетістіктермен тығыз байланысты жұмыс жргізіледі. Суретте Вроцлав университетінің тәжірбиелік жерлері