Перейти к содержимому

Польша Республикасы туралы ойлар

    Польша Республикасының құрлымы

    Польша Халық Республикасы ПХР — 1944 жылдан бастап 1989 жылға дейін өмір сүрген Орталық Еуропадағы біртұтас мемлекет, қазіргі демократиялық Польша Республикасының алдындағы мемлекет. Марксистік-лениндік идеялар ел өмірінде кең рөл атқарды. Польша коммунистік мемлекет болды. Варшава келісіміне басты қатысушылардың бірі. Заң шығарушы орган — Сейм, оны 4 жыл мерзімге халық сайлайды. 1989 жылға дейін ұжымдық мемлекет басшысы Сейм 4 жыл мерзімге сайлаған Мемлекеттік кеңес болды (1989 бастап — президент). Атқарушы орган — сейм тағайындайтын Министрлер Кеңесі. Польша жері воеводтықтарға (облыстарға), воеводтықтар повиаттарға (аудандарға) және қалалық повиаттарға (қалаларға) бөлінді; 1954-1972 жылдар кезеңінде повиаттар қалалар мен гминаларға : қалалар және громадалар (ауылдық); қалалық повиаттар дзелницаларға (шағын аудандарға) бөлінді.

    Польшаның жалпы ауданы – 31,3 млн.га. Әкімшілік-аумақтық құрылымы бойынша Польша Республикасы 16 воеводство-облысқа, 314 повет-ауданға, 65 қала-поветке және 2,5 мыңға жуық гмина-коммунаға, оның ішінде 40 мыңнан астам ауылға бөлінген. Ауылдарда 14,8 млн адам тұрады (жалпы халықтың 38,8%), соңғы жылдары қала тұрғындарының ел аумағының 93%-дан астамын алып жатқан ауылға қоныс аударуы байқалды. Ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы 16,2 млн га (жалпы жер қорының 51,7%). Ауыл шаруашылығы жерлерінің 89%-дан астамы жанұялық шаруа қожалықтарының меншігінде, олардың орташа көлемі небәрі 10 га, шаруа қожалықтарының жалпы саны 1,5 миллионнан астам (ЕО-да екінші орын). Польшаның ауыл шаруашылығының ерекшелігі – ірі агрохолдингтардың жоқтығы, елдегі ауыл шаруашылығының негізін шағын шаруашылықтар құрайды.

    Жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілді органдары — халық 4 жыл мерзімге сайлайтын ұлттық кеңестер, жергілікті өзін-өзі басқарудың атқарушы органдары — ұлттық кеңестердің президиумдары , 1976 жылдан — воеводтар, қала президенттері, қала басшылары және гмина басшылары.

    Польша «социалистік лагердегі» алғашқы болып Конституциялық сот (1982) және омбудсмен институттарын құрды (1986).

    Польша өз тарихында талай қиыншылықты көрген мемлекеттң бірі. Ғасырдан астам Польшаның өз мемлекеттілігі болмады, поляк жерлері басқа мемлекеттердің құрамында болды: Ресей, Пруссия (кейінірек Германия империясы) және Аустрия (кейіннен Аустрия-Мажарстан).

    Қазіргі кезде үлкен өзгерістер жасалып, жаңа қарқынмен дамып келе жатқан мемлекет.