Жетісу облыстық фермерлер қауымдастығы филиалының басқарма басшысы Асқар Қалиұлы Шәріпов жақында 2024 жылғы шілде айында іс-сапармен Польша Республикасында және Германияда болып қайты. Екі мемлекетте нарықтық экономикаға өтіп, 28 мемлекетерді біріктретін Евроодаққа 2004 жылдан бастап мүше болған. Польша Республикасының экономикасының соңғы жылдардағы өсіп өну ерекшеліктері көп жағдайлары бізге ұқсас. Ұқсамайтын жақтары да көп. Осы бойынша өз ойларын сіздермен бөлісуді жөн көрді.
Польшаның климатының ерекшелігі
Польша , ресми атауы — Польша Республикасы — Орталық Еуропадағы мемлекет.
Польша Еуропа елдерінің арасында ең жылдам өсіп келе жатқан жұмыссыздық мөлшері төмен экономикаға ие. 1990-2015 жылдар арасында жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) екі есе өсті. Ал 2021 жылы ЖІӨ 661.7 миллиард АҚШ долларына жетті (Еуропа аумағында 6 орында). [6] Айтылмыш 1990-2015 арасында жан басына шаққандағы ЖІӨ жыл сайын орташа есеппен 7,3% өсіп тұрған – бұл Оңтүстік Корея мен Сингапур секілді елдердің осы кезеңдегі ЖІӨ өсімінен асады. Сондықтан Польшаны Азияның жолбарыс елдері сиықты Еуропа барысы деп атап жатады. Ілгері экономикалық даму 90-шы жылдары түбегейлі нарық реформаларынан басталған. Польшада өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық бірдей дамыған. Экономикасының жетекші салалары — машина жасау, кеме жасау, металл өңдеу, химия, тамақ, тоқыма өнеркәсіптері. Елдің ауыл шаруашылығы негізінен қара бидай, астық, сұлы, жеміс-жидек және етті-сүтті ірі қара мал мен шошқа өсіруге бағдарланған. Экспортқа машина, химия, металл, тамақ, тоқыма өнімдері мен мыс, тас көмір шығарып, сырттан құрал жабдықтар, тұрмыстық тауарлар, шикізат алады.
Жер аумағы — 312,7 мың км². Халқы 38 млн.адам.
Жер көлемі бойынша бізден 9 еседей аз, ал халық саны бойынша 2 еседей көп.
Польша шекарасы бір-шетінен бір шетіне дейін 900 км-дей. Еуропадағы табиғаты көркем, қоңыржай ауа-райымен танымал мемлекет. Қаңтардағы орташа температура теңіз жағалауында және батысында 1⁰С, таулы өңірінде 6⁰C; шілдеде 17⁰C, таулы өңірде 10 — 14⁰C
Польша жерінің 90%-нан астамы жазық, тау массивтері оңтүстік жағында ғана кездеседі. Аумағының 27,6%-ы орман. Орман алқаптары бізден 6 еседей көп. Ауыл шаруашылық жерлерінің көбісі орман алқаптарымен шектеледі. Ағашатар экспортқа шығарылды.
Польшада шаруалардың жері шағын. 57 пайызы 5 гектарға дейін, 25 пайызы 5 гектардан 10 гектарға дейін. Жалпы жердің 82 пайызы 10 гектарға дейін. Ауылдар ормандар мен ауыл шаруашылығы жерлерінің арасында, ірі магистральдардың бойында орналасқан. Ауыспалы егістік Евростандарттарға сәйкес 70 пайызға дейін субсидия алу үшін қатаң сақталады. Жеке қосалқы шаруашылықтар ауыл өмірінің негізін құрайды.
Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 500 — 1000 мм. Өзен торы негізінен Балтық теңізі алабына жатады. Бізде ол 4-5 еседей кем, орташа жылдық жауын-шашын мөлшері жазықта 100–200 мм болса, бұл Польшадан 5 еседей кем. Тау бөктерінде 500–600 мм-ге дейін, бұл Польшаның орташа мөлшерінен 2 еседей кем. Осы себепті Польшадағы қыраттардың барлығы ауыл шаруашылық дақылдармен себіліп, Евроодаққа кіруіне баланысты экологиялық талаптар қатаң сақталады. Барлық жер таза, ұқыпты ұйымдастырылған.
