Перейти к содержимому

Шемонаиха ауданында Қазақстан Фермерлер Қауымдастығы жиналыс өткізді

    Шығыс Қазақстан Облысы Әкімі Е.Б.Көшербаев тапсырмалары аясында Қазақстан Фермерлер Қауымдастығы, Шығыс Қазақстан облысы басқармасы ауыл шаруашылығына тың серпін беретін “Пилоттық Жобаларды” әр аудан еңбеккерлері,Жергілікті басқару мекемелері өкілдерімен бірге талқылап,өндіріске енгізу жоспарларымен Шемонаиха ауданында жиналыс өткізді.

    Бүгінгі таңда үлкен қолдауға ие болып отырған бастамалар облыс жұртшылығы тарапынан үлкен қолдауға ие болды.

    Жиналыс барысында сөз алған “Быструха-Астана” ЖШС директоры Фараджев Тарбиз Облыс шаруа қожалықтары Қауымдастығы басқармасы жұмысына көңілі толатынын айтып,ауыл еңбеккерлері үшін көтеріп жатқан бастамаларды қолдайтынына тоқталды.

    Аудан ауыл шаруашылығы басқарма басшысы Махмудов Руслан Маратұлы болашақта осындай жиындар жиі өткізіліп,туындап тұрған мәселелерді бірге шешу жолдарын талқылуды ұсынды.