Перейти к содержимому

Жамбыл облысының балық шаруашылығын қолдау және дамыту мәселелері талқыланды

    Бүгін, Жамбыл облысындағы «Өрлеу» шаруа қожалығының басшысы Тұрлыбайұлы Талғатпен іскерлік кездесу өткіздім. Кездесу барысында өңірлік балық шаруашылығы саласының бүгінгі жағдайы, өзекті мәселелері мен даму болашағы кеңінен сөз болды.

    Кездесу аясында сала өкілдеріне көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларына, атап айтқанда АО «Аграрлық недиттік корпорация» (АКК) арқылы ұсынылатын қаржыландыру құралдары мен жеңілдетілген несиелендіру тетіктеріне ерекше назар аударылды. Шаруашылық басшысы Тұрлыбайұлы Талғат өңірдегі балық өсіру ісін кеңейтудегі түйткілді тұстар мен қаржылық қажеттіліктерді ортаға салды.

    Өз кезегінде Ассоциация төрағасы ретінде өңірлік балық шаруашылығын өркендету жолында Ассоциация тарапынан әрдайым жан-жақты қолдау көрсетілетінін аталды. Саланың әлеуетін арттыру мақсатында кәсіпкерлер мен қаржы институттары арасындағы байланысты нығайту бағытындағы жұмыстар жалғасады.