Бүгін Басқарма төрағасының орынбасары Әкпар Мәуленов Су ресурстары ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен өткен «Су, технологиялар және технологиялар трансфері тетігі» атты сараптамалық сессия отырысына қатысты.
Сессия барысында:
• Қазақстан Республикасының су секторына су үнемдеу технологиялары мен инновацияларын трансферттеу бойынша тәжірибе мен сараптамалық құзыреттерді қалыптастыратын, сондай-ақ су мәдениеті мен пәнаралық құзыреттерді дамытатын көп тарапты платформа таныстырылды;
• «Су, технологиялар және трансфер тетігі» атты талдамалық шолудың тұсаукесері өтті.
Содан соң жұмыс топтарында шаруашылықтардың қажеттіліктері, технологияларды енгізудегі кедергілер, технологиялар трансферінен күтілетін нәтижелер бойынша талқылаулар жүргізілді.
Сессия ынтымақтастық перспективаларын, фермерлердің платформаға қатысу форматын талқылаумен және нәтижелерді қорытындылаумен аяқталды.

