Бүгін Астана қаласында «QazImport» ХЫСО ұйымдастыруымен Үндістан-Қазақстан ауыл шаруашылығы бизнес форумы 2026 аясында Үндістан бизнес делегациясымен, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының және мүдделі қазақстандық агроөнеркәсіптік кешен компанияларының қатысуымен екі жақты Қазақстан-Үндістан B2B-кездесуі өтті.
Үндістан делегациясының құрамында Alorti Trade Pvt.Ltd, Omkar Agri Globai Pvt. Ltd, Niko Orgo компания өкілдері сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға, тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдары — гербицидтерді, инсектицидтерді, фунгицидтерді, ауыл шаруашылығы техникасын Қазақстаға жеткізу мүмкіндігі туралы сөз қозғады.
Кездесуге қатысқан Қазақстан фермерлері қауымдастығының Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ермек Абуов Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытындағы әлеуеті мен екі ел арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері, Үндістандық әріптестерге қол ұшын беруге дайын екендігімізді білдірді.
Кездесу соңында өзара байланыс деректерімен алмасып, жұмысты жалғастыру туралы келісімге қол жеткіздік.


