Қазақстан Фермерлер Одағының ресми баспасөз хабарламасы.
23 шілдеде Атырау қаласындағы жер комиссиясы отырысында Қазақстан Фермерлер Одағының төрағасы Әуезхан ДАРЫНОВ жерді шетелдіктерге және шетелдік қатысу үлесі бар компанияларға жалға беру мәселесі жөніндегі бірлестіктің ұстанымын алға тартты.
Осыдан бір жыл бұрын Фермерлер Одағы жер реформасы мәнмәтініндегі ұлттық қауіпсіздік мәселесін белсене талқылаған болатын. Бұған көз жеткізу үшін ҚФО-ның бір жыл бұрын БАҚ-да жариялаған мәлімдемесін көтеруге болады. Онда Фермерлер Одағы бірқатар мәселелердің басын ашуды қағидат тұтақан болатын:
Біріншіден, қазақстан аграршылары үшін жерді 49 жылға жалға беріп, кейнін мерзімін ұзарту институтын сақтап қалу, ал реформаны әзірлеушілер жалға беруді мүлдем тоқтатып, жерді жеке меншікке сатуды ұсынған болатын;
Екіншіден, Фермерлер Одағы заң шығарушылардан, яғни ҚР Ұлттық экономика министрлігінен және ҚР Парламент депутаттарынан реформа жасауға асықпай, оны қарапайым халықпен талқылауды өтінген болатын, алайда бұл мәселе халықпен талқыланбай, нәтижесінде «жер митингтеріне» әкеп соқтырды.
Көріп отырғанымыздай, Фермерлер Одағының ұзақ мерзімді болашаққа көзделген ауылдағы және ауыл шаруашылық саласындағы ахуалға сүйеніп пайымдаған ұстанымы орынды болған еді.
Жерді шетелдіктерге және шетелдік қатысу үлесі бар компанияларға жалға беру мәселесі жөнінде Қазақстан Фермерлер Одағының төрағасы Әуезхан Дарынов аймақтардағы ҚФО мүшелері ұсынған пікірді алға тартты – шетелдіктер және шетелдік қатысу үлесі бар компаниялар ауыл шаруашылығына арналған жерлерді жалға алу мүмкіндігіне ие болға тиіс емес. Жер Қазақстанда қандай да бір қайта өңдеуші кәсіпорындар салып жатқан шетелдік инвесторларға ғана жалға берілуі тиіс. Себебі, бұл жерде сөз ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге емес, нақты кәсіпорын салуға арналған жер учаскелері жайында болып отыр.
ҚФО Төрағасы Әуезхан ДАРЫНОВТЫҢ маусым айында бірлестіктің сайтында жариялаған «Ұлттық қауіпсіздікке шетелдік азаматтар тарапынан емес, отандық сыбайлас жемқорлар тарапынан қауіп төніп тұр…» тақырыбындағы кең ауқымды сұхбатында Одақ басшысы аймақтарда Фермерлер Одағы жиналыстар өткізіп, олардың хаттамалары ҚФО Орталық кеңесіне жіберілгендігі жайлы айтқан болатын. Бір айдың ішінде осындай жиналыстар 9 облыста өткізілді. Барлық аймақтарда фермерлер жерді шетелдіктерге және шетелдік қатысу үлесі бар компанияларға жалға беруге қарсылығын білдірді. Бұл жерде ҚФО мүшелерінің ұстанымы қайсы біреудің пайдасына орай өзгермегендігін айта кетеміз. Қазақстан Фермерлер Одағының ұстанымы – бірнеше уақыт жүргізілген пікірсайыстар мен талқылаулардың жемісі.
Көптеген сарапшылар әлі күнге дейін жерді шетелдіктерге жалға беру, сонымен қатар жерді жеке меншікке сату – бұл ұтымды әрі дұрыс деген пікірді ұстанады. Алайда, бұл мәселе саяси жазықтыққа көшкен, нақ сондықтан да реформа сыншыларының айтқандары орынды деп санаймыз, өйткені тек қана азаматтық, қоғамдық бақылау ғана жерді жалға беру жосығын, шарттарды айқын ете алады, яғни, біздің еліміз, ұлтымыз әрі болашағымыз үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Қазақстан шенеуніктерінің, яғни атқарушы биліктің жаппай сыбайлас жемқорлығы, өкілдік билік – ҚР мәслихаты мен Парламентінің және әлі де дамымаған өзін-өзі басқару институтының дәрменсіздігі жағдайларында жерді шетелдіктерге жалға беру мәселесінде тізгінде шенеуніктерге беру біздің халқымыздың және еліміздің болашағына қарсы қылмыс болып саналады.
Қазақстан Фермерлер Одағы елдегі және саладағы кез келген маңызды мәселені шешуде сындарлы әрі негізді шешім қабылдауға шақырады. Жер мәселесі жайында нақты түсінік берген елбасымызға біз алғысымызды білдіреміз, ол өз сөзінде: «Егер Қазақстан халқы қалауын білдірмесе, ешқандай құжат та, норма да қабылданбайды және оларға қол қойылмайды» деген. Халықтың бөлігі, әсіресе осы мәселеде белсенді бөлігі болып табылатындықтан, егер бұл біздің мемлекетіміздің дамуы үшін пайдалы әрі игілік әкелетін болса, Қазақстан Фермерлер Одағының мүшелері кез келген әлеуметтік және саяси институттармен кез келген деңгейде сындарлы диалог жүргізуге дайын екендігін білдіреді.
Қазақстан Фермерлер Одағы
Добавить комментарий