Бүгiнгi заман талабына сай, мал шаруашылығын дамыту үшiн жоғары өнiмдi асыл тұқымды мал сатып алу ауадай қажет

with Комментариев нет

Бірақ жай ғана сатып ала салу бір іс. Бабын келтіріп бағу, өсіру, көбейту екінің бірінің қолынан келмейді. Сондықтан төрт – түліктің жайын жақсы білетіндер ғана үлкен тәуекелге барып айналысады. «Қара найза» ЖШС басшысы Нұрқиынов Дәулет солардың бірі. Бүгінде шаруақожалықтың тірлігін тіктеп отырған білікті азамат 28 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жалақы жетпейді деп ешқайсысы шағымданбайды.
( Бүгінде ол жергілікті халықтың ІҚМ бордақылап 400кг тірідей салмаққа жеткізіп ( шаруашылықта жем- шөп жеткілікті) және интенсивті технологияның арқасында күніне әр бас 1 кг кем емес салмақ қосуда) қазіргі талапқа сай мал сою цехында кооператив мүшелерінің малын союға қызмет жасап жатыр. Кооперативтің негізгі мақсаты халыққа кооператив мүшелеріне қызмет көрсетіп малдың құнарлығын тез арада арттырудың арқасында малдан максималды түрде пайда табу. Оны қазіргі кезде кооператив мүшелері түсініп, мал бордақылау алаңына тапсыратын малдың басы артуда. Осындай арнайы бордақылаудан өткен малға сұраныс та баға да жоғары.)
Қазіргі таңда серіктестіктің бордақылау алаңында айына 150 бас ІҚМ сойылады. Иелікте 9000 га жер бар. Оның 6000 га жайылым. Қалған 3000 га аумақ егістікке арналған. Шаруасы ширақ қожалық Самұрық қазынадан 5 жылға 5 пайызбен 112 млн теңге несие алған. Оның 80 млн теңгесіне техника алынса, 20 млн құрылысқа (бордақылау алаңына) қалған 12 млн айналымға жұмсаған.

Добавить комментарий