«Қазақстан Фермерлері Ассоциациясының» Басқарма Төрағасы Жигули Дайрабаев «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Төлеутай Рақымбековпен кездесті.
Басқосудағы әңгіменің әлқиссасы ауыл шаруашылығындағы ғылыми зерттеулерді тәжірибе жүзінде іске асырып, салаға енгізу қажеттігінен басталды. Өйткені қазіргі қиын жағдайда заманауи технологиялардың көмегімен дағдарыстан ұтылмай ұтымды шығуға болады.
Мәселен фермерлерді элиталық тұқымдармен қамтамасыз ету, ұрықтандырудың жасанды технологияларын енгізу, жердің құнарлығын жақсарту сынды жұмыстарды жолға қоюға болады.
Бұдан бөлек кездесуде ауыл шаруашылық саласын дамыту үшін фермерлеге арналған тиімді несиелерді таратып, арнайы техникаларды жаңарту арқылы еңбек өнімділігін арттыру мәселесі де кеңінен талқыланды.
Сөз соңында фермерлер ассоциациясының төрағасы бұл кездесудің маңыздылығын атап, алдағы уақытта бірлескен жобаларды жүзеге асыруға атсалысатын жеткізді.
Добавить комментарий