Еліміздегі төрт түлікті асылдандыруға бағытталған «Асыл түлік» орталығы теңдессіз жобалардың бірі. Негізі 2000 жылы қаланған.
Сонымен, құрылғалы 20 жылда не атқарылды? Қандай жетістігі бар? Шаруашылықтың бүгінгі жайымен «Қазақстан Фермерлері Қауымдастығының» Басқарма Төрағасы Жигули Дайрабаев танысып қайтты.
Сөзсіз, өнім мол беретін малды тірі күйінде шетелден алғанша, қолдан ұрықтандыру тиімді әрі қауіпсіз. Қалай деген сауал туындайтыны белігілі. Қараңыз. Тірі малды шетелден тасымалдауда шығын көп болады. Одан қалса климат жарамайды. Сосын түрлі жағдаймен түгелдей тірі күйінде жетпеуі де мүмкін. Жеткенін жерсіндірмей сақтап қалу бөлек мәселе.Енді қайсысы ұтымды өзіңіз көріңіз.
Айтпақшы! Мұнда тұқымның бір түтікшесін небәрі 600 теңгеге сатып ала аласыз.
Орталықтың негізгі мақсаты барынша арзан және табиғи жолмен малдың генетикалық әлеуетін жоғарылату. Бұл бағытта тұқымды түрлендірудің түрлі бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Қазір өнімге еліміздің түкпір-түкпірінен сұраныс көп.
Ірі қара төлінен ұрық алумен айналысатын республикалық орталықта 17 мал бар. Олар Еуропа, Америка, Канададан сатып алынған. Күтіп баптаумен 30 адам айналысады. Сонымен қатар сүтті, етті, аралас бағыттағы 24 түрдің ұрығы өндіріледі.
Тұқым арнайы Франция технологиясына негізделген зертханада жиналып, сақталады.
6,5 млн доза асыл тұқымды мал ұрығы сақтаулы орталық жайлы естіп пе едіңіз?
on 20 июня, 2020
with
Комментариев нет
Добавить комментарий