«2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі Ж.С.Кушукова баяндама жасады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, депутат Шапақ Үнзила «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасының маңыздылығын атап, баяндама жасады.
«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара тану туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ә.Ж. Тойбаев баяндама жасап, депутаттардың сұрақтарына жауап берді.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы санитариялық-эпидемиологиялық сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларға ден қою жөніндегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасымен таныстырды.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын қарастыру бойынша құрылған Жұмыс тобына мүше болғандықтан, Комитеттің қарастыруына ұсындым.
Жалпы Заң жобасының жағымда жақтары басым, алайда Заңда көрсетілген кейбір өзгертулер Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Парламент Мәжілісінің регламенті қайшы келеді.
Осыған орай Заң жобасының 1-бабының 1-тармағы, 7-тармағының 2) және 3) тармақшалары алып тасталсын деп ұсыным білдірдім және әріптестерден қолдау таптым.
Себебі, аталған тармақшалардағы ұсынылған өзгеріс «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қайшы келеді. Осы заңның 15-бабының 4-тармағына сәйкес Үкімет қорытындыларын мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін заң жобалары ғана талап етеді. Бұл ретте, реттеушілік әсерді талдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорытындысы шеңберінде жүргізіледі.
Сондай-ақ, 15-баптың 5-тармағына сәйкес «Заң шығару бастамасы құқығын жүзеге асыру тәртiбiне байланысты өзге мәселелердi Мәжiлiс Регламентi шешедi».
Осылайша, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының заң шығару бастамасы құқығын іске асырудың егжей-тегжейлі тәртібі аталған заңмен және Парламент Мәжілісінің регламентімен белгіленеді.
Заң жобаларын талқылау қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Сонымен қатар, Комитеттің алдағы уақытта өтетін іс-шараларына дайындық барысы мен Депутаттық сауалдардың жобалары талқыланды.