Перейти к содержимому

    Бүгін, «QazSpirits» алкоголь және никотині бар өнімдерді өндірушілер мен импорттаушылар Қауымдастығының төрағасы Е.Ж.Құттыбаев, осы ұйымның директоры Т.І.Күлшейтовпен және «Көкшетау минералды сулар» АҚ-ның басшылығы С.Ю.Максимецпен кездестім.

    Кездесу барысында, сауда қызметі мен бидай өңдеуді техникалық реттеу, дайын өнімді тасымалдау мен сақтау, салық салу тетіктерін қайта қарау, нарықтағы контрафактілік өнімдердің алдын алу және тағы басқа мәселелерін талқыладық.

    Жалпы осы жайттардың оң шешімі отандық шикізатты қайта өңдеуді ұлғайтуға, бюджет кірісін көбейтуге, импортты азайтуға, өнімнің экспортын арттыруға мүмкіндік береді.