Перейти к содержимому

19 қаңтарда Басқарма төрағасы Жигули Дайрабаевтың қатысуымен Қауымдастығымыздың облыстық филиалдары басшыларымен биылғы жылғы бірінші скайп-кеңес өтті

    Жиналыста филиал басшыларының жұмыстары талқыланып, осы жылға жоспарлар мен міндеттер белгіленді.

    Кеңесте Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ермек Әбуов Қазақстан фермерлері қауымдастығының 2023 жылы атқарған жұмыстары туралы баяндама жасады.

    Басқарма төрағасының орынбасары Әкпар Мәуленов Қауымдастық сайтының жаңа жұмысы туралы айтып өтіп, атқарылып жатқан жұмыстар бойынша әлеуметтік желілерде белсенділікті күшейту мәселесіне ерекше тоқтала кетті.

    Содан соң алты облыстық филиалдар басшылары сөз сөйлеп, филиалдың өткен жылғы атқарған жұмыстары туралы есеп берді және алдағы жоспарларымен бөлісті.

    Кеңесті қорытындылай келе Басқарма төрағасы Жигули Дайрабаев облыстық филиал басшыларына жұмысты жандандырып, көктемгі егіс науқанына дайындық барысындағы проблемалық мәселелер бойынша ақпарат беру және қаңтар-ақпан айларында облыстық жиналыстар өткізу туралы тиісті тапсырмалар берді.