Перейти к содержимому

Павлодар облысында салынып жатқан «Ертіс Агро» ауылшаруашылық өндіріс кооперативының май экстракциялық зауытына іссапар

    Кезекті іссапарым Павлодар облысында салынып жатқан «Ертіс Агро» өндіріс кооперативының май экстракциялық зауытында болдым. Қазақстан фермерлерінің қауымдастығы Павлодар облысы филиал басшысы Ерлан Чапайұлы Тоқтышақов жобаның іске асырылу барысымен, технологиялық жабдықтармен және кәсіпорынның негізгі өндірістік учаскелерімен таныстырды. Зауыттың құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.

    Майлы дақылдарды қайта өңдеу, зауытты шикізатпен қамтамасыз ету, «фермер — қайта өңдеу — дайын өнім» тұрақты тізбегін құру мәселелерін талқыладым.

    Біз үшін бұл жоба — кезекті қайта өңдеу кәсіпорнын салу ғана емес. Оның басты міндеті — ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге шикізатты сатумен шектелмей, қосымша құн құруға, өңір ішінде қайта өңдеуді дамытуға және өз өнімдерін өткізудің неғұрлым тұрақты нарығын алуға мүмкіндік беру.

    Осы фермерлердің өнімді қайта өңдеу, сақтау және өткізу айналасына бірігуі ауыл шаруашылығының табыстылығын арттырудың және ауылдық аумақтарды дамытудың негізгі тетіктерінің біріне айналуы керек.

    Зауыт іске қосылғаннан кейін фермерлік шаруашылықтарға делдалсыз ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуге мүмкіндік береді.