Бүгін Павлодар облысы, Павлодар ауданы, Набережное ауылында орналасқан «Andas Agro» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болып, оның негізін қалаушы Зейнолла Сәлменбаев шаруашылығымен таныстырды.
Қазіргі таңда Зейнолла Сәлменбаевтың ұлдары Арман Сәлменбаев пен Дәурен Қайрашев «Набережное» және «Andas Agro» шаруашылықтарын басқарады.
Зейнолла Сәлменбаев — тәжірибелі ауыл шаруашылығы жетекшісі. 1974 жылы Целиноград ауылшаруашылық институтының агрономия факультетін бітірген. Бұған дейін Май, Шарбақты және Павлодар аудандарында түрлі лауазымдарда жұмыс істеген, ал 1993-1999 жылдары «Чернорецкий» көкөніс-сүт совхозының директоры болған. 1999 жылдан бастап ол «Андас» шаруа қожалығын құрды, оның базасында кейіннен «Набережное» және AndasAgro шаруашылықтары құрылды.
Егін шаруашылығы, майлы дақылдар, картоп өсірумен және мал шаруашылығымен айналысады. Шаруашылықтың егістік жерінің көлемі 48 мың га, суармалы жерлер – 4 мың га. және 65 мың тн арналған көкөніс қоймасы бар. Бүкіл агротехникалық технологияларды сақтаудың арқасында егіннен орташа өнім алған. Шаруашылықта 350 адам тұрақты жұмыспен қамтылған, барлығына тұрмыстық жағдай жасалған. Заманауи техникалары жеткілікті. Сақтайтын қоймалары, қырманы заман талабына сай салынған.
Шаруашылық сүт өндірісімен айналысады. Жоба аясында 1500 бас ірі қара малға арналған тауарлы сүт фермасы салынды. Жобаға салынған инвестиция шамамен 8 млрд теңге. Болашақта мал басын 2000 сиырға дейін ұлғайту көзделіп отыр.
Фермада заманауи технологиялар енгізілді: автоматтандырылған сауын залы және жануарлардың өнімділігі мен жай-күйін бақылауға мүмкіндік беретін табынды басқарудың сандық жүйесі. Қазіргі уақытта кәсіпорында Даниядан әкелінген голштиндік тұқымды 800 бас ірі қара мал бар.
Проблемаларда жоқ емес.
2024 жылы Зейнолла Сәлменбаев импорттық сүтпен бәсекелестіктің жоғары болуына және өнімді өткізудегі қиындықтарға тап болды. Ол үкімет деңгейінде Қазақстанға әкелінетін сүт және сүт өнімдеріне мемлекеттік баж салығын енгізуді ұсынды.
Бұдан басқа, ферманың құрылысы кезеңінде жобалық құжаттаманы істің нақты жағдайына сәйкес келтірумен, сондай-ақ экологиялық сараптамадан өтумен қиындықтар туындады.
Сонымен қатар, кездесу барысында кәсіпорын өкілдеріне мал шаруашылығы саласындағы субсидиялау бағыттары мен мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңестер берілді.
Шаруашылықта атқарылып жатқан игі істерді көріп, шаруашылықтың потенциалының өте жоғары екенін байқадым оны басқарып отырған Зейнолла Сәлменбаев ағамыздың жұмысы, басқаларға үлгі боларлық.


