Перейти к содержимому

КҮЗГІ ЖИЫН-ТЕРІМ НАУҚАНЫ

    Түркістан облысы және Шымкент қаласы фермерлер одағының төрағасы Т.Оспанов, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Т.Әлімқұл, аудандық мәслихат депутаты Е.Қарабаев, ауылдық округ әкімдері мен мамандары 29 қыркуйек 2026 жылы күзгі жиын-терім науқанына байланысты Шардара ауданындағы мақта өңдеу зауыттары мен мақта қабылдау пункттерінің (ICC, AIIG Kazakhstan ЖШС, Алаулы ЖШС, Мырзакент ЖШС)жұмыстарымен таныстық. Аралау барысында лаборатория, таразы, техникалық қауіпсіздік т.б дайындықтарын көрдік, сондай-ақ қабылданған өнімнің әрбір тоннасынан, яғни ылғалдылық пен ластануына (влажность,засоренность)100-120 кг аралығында алынуда.Ауданда 13831 га егістік алқапқа мақта дақылы егіліп,бүгінгі таңға 5500 тоннадан астам ақ алтын қырманға түсіп, орташа өнімділігі 29,9 ц/га құрауда.Мақта қабылдау компаниялары ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің өткізген өнімінің тоннасына 200 мың тг аванстық төлем жасауда, тек қана шаруаларды алаңдататын жәйт мақта бағасының төмен болуы.