Перейти к содержимому

Аршалы аудандық филиалының төрағасы тағайындалды

    Бүгін Қазақстан фермерлері қауымдастығының атынан Кабельдинов Бегендык Амангельдіұлы Ақмола облысы Аршалы ауданы бойынша филиал төрағасы қызметіне тағайындау туралы бұйрыққа қол қойдым.

    Кездесу барысында ауданның шаруа және фермер қожалықтарының өзекті мәселелері, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ алдағы уақытта филиал атқаратын міндеттер талқыланды.

    Жаңа филиал төрағасына жұмысына сәттілік тілей отырып, Аршалы ауданының фермерлерінің мүддесін қорғау бағытында нәтижелі жұмыс атқаратынына сенім білдіремін.