үгін Ақмола облысы Қорғалжын ауданында ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер бойынша жұмыс кездесуі өтті. Кездесуге ауданның ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Жандос Мырзакельдиев және «Сабынды» ЖШС басшысы Болат Бекежанов қатысты.
Кездесу барысында «Сабынды» ЖШС тарапынан егістік алқаптарына киіктердің келтірген залалы туралы мәселе көтерілді. Мұндай жағдай ауданның басқа да бірқатар шаруашылықтарында орын алып отырғаны атап өтілді.
Сонымен қатар биылғы қуаңшылықтың ауыл шаруашылығына тигізген әсері талқыланды.
Кездесуде, жиналған астықты өткізу, шаруашылықтардың қаржылық жағдайы, сондай-ақ киіктердің салдарынан егістік алқаптары зардап шеккен фермерлердің несие міндеттемелерін өтеу мәселелері де сөз болды.
Өз тарапымнан аудан бойынша киіктерден зардап шеккен егістік алқаптары туралы толық әрі нақты ақпараттың қажеттігін атап өттім. Бұл мәселенің ауқымын нақты бағалап, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін зардап шеккен шаруашылықтар мен егістік алқаптары бойынша жан-жақты мәлімет қажет.
Фермерлердің проблемаларын зерделеп, оларды тиісті мемлекеттік органдардың назарына жеткізіп, шешу жолдарын қарастыру үшін қауымдастық жұмыс жүргізетін болады.