Бүгін Павлодар облысы, Павлодар ауданы, Набережное ауылында орналасқан «Andas Agro» ЖШС тауарлы-сүт фермасының директоры Дәурен Қайрашевпен және оның орынбасары Зейнолла Сәлменбаевпен кездестім.
Кездесу барысында шаруашылықтың қазіргі жағдайы, өндірістік қуатын арттыру, асыл тұқымды мал басын көбейту және сүт өндірісін дамыту мәселелері талқыланды.
Фермада кәзіргі уақытта Даниядан жеткізілген голштин тұқымды 800 бас ІҚМ бар. Ферма заманауи технологиялармен жабдықталған. Мұнда автоматтандырылған сауу залы, малдың өнімділігі мен жағдайын бақылауға мүмкіндік беретін цифрлық табынды басқару жүйесі енгізілген.
Сонымен қатар, кездесу барысында кәсіпорын өкілдеріне мал шаруашылығы саласындағы субсидиялау бағыттары мен мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңестер берілді.
Өз тарапымнан мұндай шаруашылықтарды дамыту – отандық сүт өндірісін арттыруға, өңірдің ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына қосатын үлесін атап өттім.