Перейти к содержимому

Еңбек күніне құттықтау

    Құрметті отандастар, қадірлі еңбек адамдары!

    Қазақстан Фермерлерінің Қауымдастығы баршаңызды Еңбек күнімен шын жүректен құттықтайды!

    Бұл – елдің дамуына адал еңбегімен үлес қосып жүрген барша азаматқа құрмет көрсететін айтулы күн. Әсіресе, ауыл шаруашылығы саласында күннің ыстығы мен қыстың суығына қарамай, тынымсыз еңбек етіп жүрген диқандарға, малшыларға, фермерлерге, агрономдарға, механизаторларға және осы саладағы барлық еңбек адамдарына ерекше алғыс білдіреді!

    Сіздердің маңдай терлеріңіз бен қажырлы еңбектеріңіздің арқасында халқымыз дастарқанын молайтып, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлес қосылып келеді. Ауыл шаруашылығы – елдің берекесі мен тұрақтылығының маңызды тірегі.

    «Еңбек түбі – береке» деген халқымыздың дана сөзі бар. Ендеше, еңбегіміз еленіп, ел игілігі жолындағы әрбір ісіміз берекелі болсын!

    Еңбек күні құтты болсын! Еңбек адамдарының еңсесі биік, еңбегі жемісті болсын!

    Қазақстан Фермерлерінің Қауымдастығы.