Перейти к содержимому

Қоғамдық кеңеске қатысу

    Бүгін, Ауыл шаруашылық министрлігіндегі, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысына қатыстым.

    Отырыста еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қатысты бірқатар маңызды келесі мәселелер қаралды.

    1. Солтүстік Қазақстан облысы тәжірибесін тарату аясында агроөнеркәсіптік кешендегі жобаларды қаржыландыру;

    2. Ағымдағы жылдағы үйірлі шегіртке зиянкестеріне қарсы жүргізілген қорғау іс-шараларының нәтижелері;

    3. Жер ресурстарын ұтымды пайдалану және оған мемлекеттік бақылау;

    4. Аквашаруашылық саласын дамыту және «Аквашаруашылық туралы» заң аясында қабылданып жатқан шаралар;

    5. Агроөнеркәсіптік кешенге инвестициялар тарту;

    6. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

    Күн тәртібіндегі барлық аталған бағыттар бойынша талқылау барысында Қазақстан фермерлер қауымдастығы атынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып сонымен қатар ұсыныстар берілді.

    Ауыл шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмысты әрі қарай да жалғастыра береміз.