Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылында орналасқан «Бурное сүт компаниясы» ЖШС басшысымен іскерлік кездесу өткіздім.
Кездесу барысында компанияның директоры Аринов Сәкен Несіпханұлымен өңірдегі сүт өндірісі саласының өзекті мәселелерін талқыладық.
Атап айтқанда, саланы субсидиялау, қолданыстағы қолдау тетіктерін жетілдіру, кәсіпорынның өндірістік әлеуетін арттыру, сондай-ақ сүт өңдеу саласын одан әрі дамыту және өңірдің жоспарлары туралы пікір алмастық.
Кездесуде саладағы проблемалық мәселелерді шешу, мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру және кәсіпорынның тұрақты дамуына ұдайы назар аударатынымды атап өттім.