Перейти к содержимому

Жамбыл облысы фермерлеріне жағдай жасау

    ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ – ӨҢІР ФЕРМЕРЛЕРІ ҮШІН ЖАҢА МҮМКІНДІК

    «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумы аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс режимінде Жамбыл облысында жүгеріні терең өңдеу бойынша өнеркәсіп паркі құрылысының басталу рәсіміне қатысты.

    Бұл – еліміздің агроөнеркәсіптік кешені үшін маңызды жоба. Оның негізгі ерекшелігі – ауыл шаруашылығы шикізатын жай ғана өндіріп, сатумен шектелмей, оны терең өңдеп, жоғары қосылған құны бар дайын өнімге айналдыруға мүмкіндік беретін толық өндірістік тізбектің қалыптасуы.

    Жоба өңірдегі фермерлер үшін де жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Атап айтқанда, жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жүгерісіне тұрақты сұраныс қалыптастыру, ұзақ мерзімді жеткізу келісімдерін дамыту және өнімді өткізудің тұрақты арнасын қамтамасыз ету бағытында қолайлы жағдай жасалады. Ресми мәліметке сәйкес, кәсіпорын жергілікті фермерлерден жүгері сатып алуды жоспарлап, олармен офтейк-келісімшарттар жасасуда.

    Бұл – «егістіктен – өңдеуге, өңдеуден – дайын өнімге» қағидатын нақты іске асырудың бір көрінісі.

    Ең маңыздысы – мұндай жобалар ауылдағы еңбек адамының мүмкіндігін кеңейтіп, фермерлерге өз өнімін тұрақты өткізуге, өндірісін ұлғайтуға және заманауи технологияларды енгізуге жағдай қалыптастырады.

    Осы орайда, отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге, инвестиция тартуға және өңірлерде жаңа өндірістер ашуға бағытталған бастамаларды қолдап отырғаны үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа шынайы алғысымды білдіремін.

    Қазақстан фермерлер қауымдастығы