Бүгін Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ермек Әбуовтың бастамасымен маңызды кездесу өтті. Оған «Камышенка» ЖШС бас директоры Дүйсембай Қожасұлы Ілдебаев және «Tirek Systems & Solutions» IT компаниясының жас мамандары Бақытжан Тоқтар мен Әділжан Амангелді қатысты.Жиында Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Камышенка ауылындағы шаруашылық базасында фермерлердің жұмысын жеңілдетуге арналған бірыңғай электрондық платформаны құру жобасы талқыланды. IT мамандары жүйенің шаруашылыққа беретін нақты пайдасы, тиімділігі мен инновациялық әлеуеті туралы айтып берді. Өз кезегінде Дүйсембай Қожасұлы электрондық платформаның жұмысын жетілдіру үшін егін шаруашылығына қатысты қажетті ақпаратпен бөлісіп, қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.Ермек Әбуов қауымдастық бастамашылық жасаған бұл жобаның жүзеге асу барысы қауымдастықтың назарында болатынын атап өтті.
Сонымен қатар шаруашылық басшысы кездесуде Ауыл халқын тұрақты жұмыс орнымен қамту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1250 бас сиырға арналған сүт тауарлы ферма салу жұмыстарын қолға алуды жоспарлап отыр. Шаруашылықта аталған жобаны іске асыру үшін барлық жағдай бар, малдың азығы, ұрғашы мал басы жеткілікті. Алайда, қол байлау болып отырған СҚО тәжірибесін тираждау бағдарламасы бойынша инвестициялық жобаны 2,5 пайыз жеңілдікпен қаржыландыру мәселесі. Кездесуді қорытындылай келе Е. Әбуов аталған мәселені тиісті мемлекеттік органдарға жеткізетінін айтты.