2026 жылғы 24 қыркүйекте Ақмола облысы Қосшы қаласында орналасқан «Республикалық мал шаруашылығын асылдандыру орталығы «Асыл түлік» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен «Қазақстанның қой шаруашылығының қазіргі жағдайы, генетикалық әлеуеті және экспорттық перспективалары» тақырыбында семинар өтті.
Бүгінгі іс-шараға мемлекеттік органдардың, ғылыми ұйымдардың, аграрлық жоғары оқу орындарының, салалық қауымдастықтар мен кооперативтердің өкілдері, қой шаруашылықтарының басшылары мен мамандары қатысты.
Семинар 267 «Білім мен ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру» бюджеттік бағдарламасы, 100 «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін өтеусіз негізде ақпараттық қамтамасыз ету» кіші бағдарламасы шеңберінде өткізілді.
Семинар аясында қойлардың өсімін молайту және генетикалық жетілдіру, жасанды ұрықтандыру, етті қой шаруашылығын дамыту және саланың экспорттық әлеуетін арттыру мәселелері туралы ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Қанат Идрисов және ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Болат Сейсенов баяндама жасады.
Қазақстан Республикасында қойлардың 25 тұқымы (4%) өсіріледі (әлемде 600 тұқым өсіріледі). Негізгі өсірілетін тұқымдар: Еділбай, қазақтың құйрықты қылшық жүнді және жартылай қылшық жүнді, дегерес, ет мериносы, ордабасы, қаракөл, оңтүстік қазақ мериносы, қазақтың биязы жүнді, ақжайық ет-жүнді.
Бүгінгі іс-шараға қатысқан Қазақстан фермерлері қауымдастығының Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Е. Абуов елімізде қой өсіру саласы өзінің өнімімен тұрғындардың сұранысын толық қамтамасыз етуге қабілеті мол және экспорттық әлеуеті зор ең перспективалы бағыттардың бірі болып табылады. Қой шаруашылығының дамуы елімізде соңғы жылдары айтарлықтай емес.
Бір кезде малдың өзі де, еті мен терісі, жүні, сүті де түгел кәдеге асырылатын. Қазір малдың жүні мен терісі керексіз болып қалды.
Мемлекет қой шаруашылығын дамыту бойынша шаруалар үшін барлық жағдайды жасау қажет. Салықтан босату, жайылыммен қамтамасыз ету, мемлекеттің қолдау шараларын арттыру, қоршаулар мен мал суару үшін ұңғымалар тегін қазу және т.б..
Жеке қосалқы шаруашылықтар мен фермерлік шаруашылықтардың әлеуеті пайдаланылған жағдайда ғана қой шаруашылығын қарқынды дамытуға болады, себебі қой басының 93 пайызы осы шаруашылықтарға тиесілі. Сондықтан, осы шаруашылықтарға басымдық беріп басты назарда болу керектігі туралы пікір білдірді.