Бүгін Қауымдастықтың Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ермек Әбуовтың төрағалығымен Қауымдастықтың облыстық филиалдары басшыларымен zoom-форматында кезекті кеңес өтті. Жиналыста берілген тапсырмаларды орындау барысы талқыланып, алдағы жоспарлар мен міндеттер белгіленді.
Кеңес басында Басқарма төрағасының орынбасары Әкпар Мәуленов соңғы кеңестен бері атқарылған жұмыстар туралы қысқаша баяндама жасап, берілген тапсырмалардың орындалуы туралы айтып берді.
Жиналыс барысында Алматы, Жетісу, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстық филиалдар басшыларының есебі тыңдалып, олардың жұмыстарына баға беріліп, жұмыстарының осал тұстары атап өтілді.
Кеңесті қорытындылай келе Ермек Әбуов облыстық филиал басшыларына субсидиялау, несиелендіру бағдарламаларын жетілдіру, Фермерлерге құқықтық қолдау орталығын құру бойынша ұсыныстар беру, сондай-ақ жалпы филиал жұмысын жандандыру, әлеуметтік желілерде белсенділікті арттыру, берілген тапсырмаларды уақытылы орындау туралы тиісті тапсырмалар берді.

