Перейти к содержимому

АУЫЛДЫҚ ЖЕРЛЕРДЕГІ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ

    Бүгінгі күнде адамдардың ауылдан көшуін тоқтату тұрғысынан ауылдық жерлерде халықты жұмыспен қамту мәселесі өте өзекті болып тұр.

    Сол себептен ауылдық жерлердегі жұмыссыздықтың негізгі себептері мен халықты жұмыспен қамту жолдарын жан-жақты зерделеу қажет.

    Біздің ойымызша ауылдық жерлерде жұмыссыздықты жою үшін мынадай мәселелерді қолға алу керек:

    1. Жеке қосалқы шаруашылықтардың басын біріктіру арқылы кооперативтер құру қажет, бұл елді-мекендерде жұмыссыздықты азайтумен қатар, ауыл шаруашылығы мен ауылдық елді мекендердің табысты дамуының негізі бола алады.

    2. Жұмыссыз мәртебесін алған адам жергілікті атқарушы орган ұсынған жұмыстан бас тартқан жағдайда, ондай адамды жұмыссыз мәртебесінен айыратын заң ережесі болуы тиіс.

    3. Әлеуметтік қамту мекемесіне тіркелген жұмыс іздеуші, ауыл әкімі және жұмыс беруші шаруа қожалығы тараптарынан үш жақты келісім шарт жасақталып, жұмыс іздеушіні тұрақты немесе маусымдық жұмыстарға жұмылдыру қажет.

    4. Масылдықтың алдын алу үшін атаулы әлеуметтік көмекті мұқтаж адамдарға ғана беру керек. Үйінде қол-аяғы сау ер азаматы бар отбасына әлеуметтік көмек көрсетуді қайта қарап, азайту керек.

    Аталмыш ұсыныстар іс жүзінде жүзеге асырылса, нақты нәтижелер болары сөзсіз.