«Қазақстан Фермерлері Қауымдастығының» Басқарма Төрағасы Жигули Дайрабаев өңірлерді аралап, ондағы фермерлердің жай-күйімен танысты.
Мәселен, кеше Қарағанды облысының 3 ауданында болып қайтты. Абай ауданында орналасқан «Жабяк» бірлестігі бүгінде заманауи техникалармен (джондир: 7 комбайны мен егінге арналған арнайы кешенді 5 техника) жабдықталған. Бірлестікті елімізге белгілі фермер Игорь Ж. басқарады. Оның жалпы аумағы 30 мың гектер жер болса, соның 20 мыңы егістікке арналған, ал 10 мыңы жайылымдық жер. Шаруақожалық 600 ірі қара, 1500 жылқы, 4500 шошқа асырап отыр. Ондағы 180 жұмысшының атқарған еңбегі ішкі нарықты ет, сүт, картоп (1 га – 300 цн) өнімдерімен қамтамасыз етуге сеп болуда. Жұмысшылар күнделікті ас-суымен де қамтамасыз етілген.
Мұнан соң Басқарма Төрағасы Жаңаарқа ауданында болды. Онда аудан әкімінің орынбасары Төлеуов Ғазиз Абирханұлы, Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылық бөлімінің Басшысы Баязитов Сәрсенбек Амангелдіұлымен кездесіп, ауданның ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерді жан-жақты талқылады. Әсіресе пандемияға байланысты фермерлерде туындаған қиындықтарды бірлесе отырып шешуге уағдаласты.
Сапар соңы Ұлытау ауданының «Надиров» шаруақожалығының тіршілігін көріп, танысумен аяқталды. 1500 га жері бар шаруақожалықтың басшысы Талип Надиров қазір жерді тиімді игеруге жаңа техникалардың жетіспейтіндігін айтып, басқарма төрағасынан көмек сұрады. Шаруаның өтінімі ескеріліп, алдағы уақытта мемлекеттің көмегі арқылы керекті техникалар алынатын болып шешілді.
Жигули Дайрабаев өңірлерді аралауда
on 27 июня, 2020
with
Комментариев нет
Добавить комментарий