Шаруалар субсидия алатын кезде қажет «электрондық егістік карталарының» болуына қатысты талап кейінге қалдырылды.

with Комментариев нет

Шаруалар субсидия алатын кезде қажет «электрондық егістік карталарының» болуына қатысты талап кейінге қалдырылды

 

Өсімдік шаруашылығы саласындағы субсидиялаудың барлық бағыттарына арналған электрондық карталардың қазақстандық фермерлерде болуы қажет деген талап екі жылға шегерілді. Осылайша, 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін субсидия алуға өтінім берген кезде егіс алқаптарының электрондық карталары талап етілмейді.

2023 жылғы 14 қарашада ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына егістіктерді цифрландыруды 2026 жылға дейін қалдыру жөнінде өзгерістер енгізілді.

Өзгерістер фермерлерге жер учаскелерін тәртіпке келтірулеріне, «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық ізденістер мемлекеттік институты» РММ тарапынан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін цифрландыруды аяқтауға, ал «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-на дақылдарды тану спектрін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Айта кету керек, бұған дейін бірқатар шаруа басым бағыттағы дақылдарды субсидиялауға өтінім беру кезінде қиындықтарға тап болды, өйткені егіс алқаптарын дұрыс цифрландыру мүмкіндігі болмады.

 

Отсрочку по наличию «электронных карт полей» дали фермерам при получении субсидии

 

Казахстанские фермеры получили отсрочку на два года по  электронным картам полей на все направления субсидирования в области растениеводства.  Таким образом, при подаче заявки для получения субсидии  до 1 января 2026 года не требуется наличие электронных карт полей.

Для этого 14 ноября 2023 года приказом министра сельского хозяйства РК в Правила субсидирования повышения урожайности и качества продукции растениеводства внесли изменения, предоставляющие отсрочку по оцифровке полей до 2026 года.

Изменения позволят аграриям привести земельные участки в порядок, завершить оцифровку земельных участков сельскохозяйственного назначения со стороны РГП «ГИСХАГИ, а АО «Қазақстан Ғарыш Сапары» — расширить спектр распознавания культур.

Стоит отметить, что ранее ряд аграриев столкнулся с проблемами при подаче заявок на субсидирование приоритетных культур, так как отсутствовала возможность провести правильную оцифровку полей

Добавить комментарий