Құрметті достар!
«Шаруадан шаруаға» принципі негізінде құрылған онлайн кеңесіміздің кезекті эфиріне Атырау өңірінде орналасқан «Нұрлы дала» агрофирмасының басшысы Сарманов Мұрат Сатыбалдыұлын шақырдық.
⠀
Асылтұқымды қой және жылқы шаруасымен айналысатын бұл агрофирма — облыстың беткеұстар шаруашылықтарының бірі.
⠀
Эфир уақыты мен өтетін орны: 1 маусым сағат 12:00-де ҰАҒБО-ның Instagram және Facebook парақшалары.
⠀
Атап өтейік, Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының бастамасымен Біріккен ұлттар ұйымының Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы және Қазақстан фермерлері ассоциациясының қолдауымен еліміздің өңір-өңірлеріндегі шаруаларға пайдалы практикалық ақпаратпен бөлісу мақсатында онлайн кеңестер жүргізіледі.
Добавить комментарий