Бүгін, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын қарастыру бойынша Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі, депутат Әшімбетов Нұржан Кемерұлының төрағалығымен жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.
Жұмыс тобының отырысына Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы – Қазақстан Республикасының Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы Теміржанов Мұрат Баритұлы және салалық орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Отырыста фермерлердің ыңғайлы жұмыс істеуіне мүмкіндік жасайтын тиісті ұсыныстарымды … Читать далее