Елордада өтіп жатқан халықаралық AgriTek/FarmTekAstana-2020 көрмесі аясында Қазақстан фермерлер одағының президенті Жигули Дайрабаев АҚШ-тың елшісі Уильям Мозермен кездесті. Елші мырза Қазақстанның ауылшаруашылық саласының болашағы зор екендігін айтып, алдағы уақытта әріптестік орнатуға бар мүмкіндікті қарастыратынын жеткізді. Өз кезегінде одақ басшысы да кез-келген ұсынысты тиімді пайдаланып, үздік технологияларды тәжірибеге енгізудің пайдасы мол екенін алға тартты.
Естеріңізге салайық, бас қалада өтіп жатқан көрмеде 18 мемлекет өздерінің 200-ге тарта заманауи ауылшаруашылығы мен мал шаруашылығына арналған техникалар мен құрал-жабдықтар, қосалқы бөлшектер, тұқымдар мен көшеттер, ветеринариялық жабдықтарын назарға ұсынуда.
Добавить комментарий