Құрметті отандастар!
Әлемді дүр сілкіндіріп, бұрын-соңды болмаған қауіпті дерт талай елдердің басына күнтуғызды.
Біздің елде сырт қалмасы анық.
Бірақ қазақтың басынан қандай қиын кезең келседе, түбі ауызбірліктің арқасында, талай сынақтан бабаларымыз аман-есен өткені анық.
Оның куәсі мен дәлелі — біздің кең-байтақ жеріміз.
Бір айтарым, осы туындап отырған мәселе, тағыда өкімет пен қоғамға ауылшаруашылығына жаңа көзқараспен қарауды талап етіп тұрғаны анық.
Назар аударсаңыздар шетелден келген дүниенің бәрі қымбаттап, бағасы шарықтап жатқанда қазақтың шаруасы ғана үндемей елді асырауда.
Елбасының айтып жүрген азық-түліктілік қауіпсіздігін талай адам енді түсінетін шығар, деген ойдамын.
Осындай сынақта белгілі болары анық, еліміз үшін қай бағытты дамытқан!
Ауылдағы ағайын мен шаруаларды ұмытпаңыздар.
Сондықтан, қандай сынақ басымызға түсседе, бірлігімізді, мызғымас татулығымызды және елдігімізді көрсетейік!
Тәуелсіз Қазақ елінің байрағының аясында жұмылайық, отандастар!
Біздің күшіміз бірлікте!
Басқарма төрағасы
Ж.М. Дайрабаев
«Қазақстанның фермерлерінің ассоциациясы» занды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлер қауымдастық нысандағы бірлестігі.
Добавить комментарий