Британдық кәсіпкерлер еліміздегі фермерлерлік шаруашылыққа ерекше қызығушылық танытуда

with Комментариев нет

Британдық кәсіпкерлер еліміздегі фермерлерлік шаруашылыққа ерекше қызығушылық танытуда. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтанда өткен Agri-tech компанияларының елімізге жасалған бірінші сауда миссиясы аясында өткен кездесуде белгілі болды. Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі, жоғары мәртебелі Майкл Гиффорд пен Патриция Гиффорд ханым Қазақстан фермерлер одағының президенті Жигули Дайрабаевпен арнайы кездесіп, екі елдің ауылшаруашылығы саласындағы үздік тәжірибелерімен алмасты. Маңызы мол басқосуда британияның тың технологияларымен танысқан одақ басшысы отандық фермерлерлік саласын дамытуда бұл жиынның берері мол екенін атап өтті.Өз кезегінде еліміздегі фермерлердің жағдайына қызығушылық танытқан құрметті қонақтарға одақтың Ақмола облыстық филиалының төрағасы Қанат Сүлейменов өңірде атқарылып жатқан жұмыстарын баяндады.

Добавить комментарий