Кеше Үкімет басшысы Асқар Мамин, кәсіпкерлікті дамыту жөнінде өткен жиналыста Қолдау порталының тарифін 3,7 есе көтеруге байланысты нақты нүкте қойды. Шындығында мынау қиын-қыстау кезеңде Қолдау басшылығы тарифті көтеріп, мыңдаған фермелерді дүрліктірді.
Премьер-Министр өз сөзінде: «фермерлерге қосымша ауыртпашылық салуға болмайды» деп шегелеп айтты. Енді тариф 2 айдың ішінде көтерілмейтін болды. Бұл мерзімнің ішінде субсидиялаудың электрондық жүйесін қайта қарап, фермерлерге тиімді жолдарын бекіту қажет.
Біз ФЕРМЕРЛЕР ОДАҒЫ, еліміздің барша фермерлерінің атынан Үкімет басшысы Асқар Мамин мырзаға АЛҒЫСЫМЫЗДЫ білдіреміз!
«Қазақстан Фермерлері Ассоциациясының» Басқарма Төрағасы — Жигули Дайрабаев.
Біздің фермерлер үшін жақсы жаңалық!!!
on 11 июня, 2020
with
Комментариев нет
Добавить комментарий