Қадірменді әріптестер!
Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні — Наурыз
мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басып, табиғат анамен тіршілігі жалғасқан ауыл еңбеккерлері үшін Әз Наурыздың жөні бөлек. Себебі бұл мереке жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев әлемдегі экономикалық ахуалдың күрделенуіне байланысты дағдарысқа қарсы іс-қимылдар жоспарында ауылшаруағын дамытуға ерекше серпін беруді тапсырды. Себебі агросала экономиканың жаңа драйверіне айналу керек. Сондықтан фермер қауымының еліміздің алға дамуына қосар үлесі орасан.
Олай болса, Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер мен молшылық әкелсін.
Әр отбасыңызда бақыт және береке салтанат құрсын!
Құрметпен «Қазақстан Фермерлер Ассоциациясының» Басқарқарма Төрағасы — Жигули Дайрабаев
Добавить комментарий