«Қазақстанның фермерлері қауымдастығының» Басқарма Төрағасы Жигули Дайрабаев Қарағанды және Павлодар облыстарының шаруа қожалықтарымен кездесті: Өмірбеков Ш/Қ , Нұр-Али ш/қ, Аршын ш/қ, Темірбеков ш/қ , Тусупов ш/қ, Карина ш/қ.
Басқомуда «Сыбаға» бағдарламасы бойынша барлық қарыз алушылар ірі қара мал санын көбейту және ет өндірісі көлемін өсіру үшін Еуропа елдерінен ІҚМ сатып алу үшін ҚР Ұлттық қорынан қарыз алғандығы айтылды. Бірақ жеткізушілер өз тарапынан ІҚМ жеткізу бойынша фермерлер алдындағы міндеттемелерін орындамаған. Дегенмен, ақшалай қаражат жеткізушінің есеп шотына аударылды. Бұдан басқа, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ филиалы тарапынан айыппұл есептеу және ағымдағы шоттарға тыйым салу үшін сотқа беруге ниетті екендерін айтты. Кездесу соңында Жигули Дайрабаев кездесуде көтерілген мәселелер назардан тыс қалмайтынын, фермерлерге осындай жағдайда көмек көрсету үшін бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді.
«Қазақстанның фермерлері қауымдастығының» Басқарма Төрағасы Жигули Дайрабаев Қарағанды және Павлодар облыстарының шаруа қожалықтарымен кездесті
on 19 июня, 2020
with
Комментариев нет
Добавить комментарий