«Қазақстан Фермерлері Қауымдастығының» Басқарма Төрағасы Жигули Дайрабаев елімізге белгілі «Агрофирма Родина» серіктестігіне барды.

«Қазақстан Фермерлері Қауымдастығының» Басқарма Төрағасы Жигули Дайрабаев елімізге белгілі «Агрофирма Родина» серіктестігіне барды.

with Комментариев нет

Қонақтарды құшақ жая қарсы алған серіктестік төрағасы «Қазақстанның Еңбек Ері» Иван Саэуер меймандарды шаруашылықтың бүгінгі жайы мен ауыл тіршілігімен кеңінен таныстырды.
Бүгінде «Родина» Агрофирмасы еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша стратегиялық міндетті жүзеге асырып келеді. Әрине ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан шаруашылық жайлы айтқанда, оның негізін қалаған іскер басшы Иван Адамовичтің еңбегі екенін ескеру керек. Себебі серіктестікті құрып, аяғынан тұрғызған осы кісі.
Қазір серіктестіктің техника паркі түгелге жуығы жаңарған. «КЛААС», «Бюллер», «Джон-Дир» сияқты қазіргі заманғы шетелдік алымдылығы жоғары ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынған. Қазақстанның ең үздік ауылдарының бірі Родина елді мекеніндегі барлық тұрғынның жайлы өмір сүруін қамтамасыз етіп отырған сүт зауытының да жөні бөлек.
Родинаның тауарлы-сүт кешенінде 1800 асыл тұқымды ірі қара заманауи «Глобал-90» және «Ёлочка» айналмалы қондырғыларымен сауылады. Күнделікті мұнда 60 тонна сүт өнідіріліп, қайта өңдеу зауытында дайындалатын 12 түрлі өнім бас қала нарығына шығарылады.
Дәл қазір серіктестікте егін, мал шаруашылығын қоса есептегенде 1200 ге жуық астам адам тұрақты еңбек етеді. Осыншама адамды еңбекпен қамтып отырған шаруашылық ауылдағы мәдени-әлеуметтік нысандарды ұстауға да үнемі көмек көрсетіп келеді. Ауылда атаулы көмек алатын, кедейшілік шегінде өмір сүретін отбасы мен жұмыссыз жүрген жан жоқ.Ауылда зообақ, сүт кешені, хоккей корты, мəдени орталық осының айқын дәлелі. Оған қоса, серіктестікің өз қаражатына жұмысшылар мен əлеуметтік сала қызметкерлеріне 20 коттедж үй салынған.
«Родина» серіктестігі мен ауылына арнайы ат басын бұрған Қазақстан фермерлері қауымдастығының төрағасы шаруашылықтың қол жеткізген жетістігі мен табысына таңданысын жасырмады. Ол «Родина» ауылы мен Иван Сауэр егіз ұғымға айналғанын айтып, кәсіпкерліктің керемет үлгісін танытқан білікті басшының тәжірибесін адағы уақытта өзі басқарып отырған қауымдастық ісін дамытуда кәдеге жарататынын жеткізді.

Добавить комментарий