АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАСЫН ЖАҢАРТУ ҮШІН ЖЫЛ САЙЫН ФЕРМЕРЛЕРГЕ 60 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН ҚАРАЖАТ БӨЛУ ЖОСПАРЛАНУДА.

with Комментариев нет
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАСЫН ЖАҢАРТУ ҮШІН ЖЫЛ САЙЫН ФЕРМЕРЛЕРГЕ 60 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН ҚАРАЖАТ БӨЛУ ЖОСПАРЛАНУДА
Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау нәтижелерімен бөлісуді жалғастыруда. Бұл материалда ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту жөнінде айтылады.
Айтылды:
«Ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаппай жаңартудың өзекті мәселесін қосымша қарау қажет. Қаржыландырудың барлық ықтимал көздерін іске қосу маңызды. Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері операторының қаражаты есебінен отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу мақсатында жеңілдетілген несиелеу тетігін енгізуді тапсырамын» (Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында).
Орындалды:
Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасын 2022 жылдың тамызында іске асыруды бастады. Отандық ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингі бағдарламасына 40 млрд теңге (30 млрд теңге «Жасыл даму» АҚ және 10 млрд теңге — «Бәйтерек» АҚ коммерциялық қаражаты) бөлінді. Фермерлер бастапқы жарнасыз жылдық сыйақысы 6%-бен несие алды. Бұл жаппай күзгі жиын-терім жұмыстары қарсаңында 872 фермердің лизингке 1053 техника (176 комбайн және 877 трактор) сатып алуларына мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, Үкімет «Жасыл даму» АҚ қорынан ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингпен беру үшін 20 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады. 2023 жылдың 18 қазанынан бастап бағдарламаның негізгі операторы — «ҚазАгроҚаржы» АҚ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден өтінімдер қабылдай бастады.
Бұдан бөлек АШМ 2023 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы жем-шөп жинау техникасының жеңілдетілген лизингін қаржыландыру бағдарламасын 20 млрд. теңгемен іске асырса, 2024 және 2025 жылдарға 30 млрд. теңгеге дейін жеткізетін болады. Сондай-ақ, шамамен 2,8 мың жем-шөп дайындау техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі техниканы сатып алуды қаржыландыру жоспарлануда. 2023 жылдың 26 маусымынан бері «ҚазАгроҚаржы» АҚ бағдарламаны іске асырып келеді.
Айта кету керек, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы қазақстандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды қаржыландыру үшін «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ға жыл сайын 2023-2025 жылдары 30 млрд теңгеге дейін ұзақ мерзімді бюджеттік несие бөлуді көздейді.
Аталған іс-шараларды келісу мерзімдерінің ұзақтығын ескере отырып, «ҚазАгроҚаржы» АҚ 2023 жылдың 26 маусымынан бастап ішкі резервтер есебінен отандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасын лизингілеудің жеңілдетілген бағдарламаларына кірісті (26,5 млрд теңге).
ПЛАНИРУЕТСЯ ЕЖЕГОДНО ВЫДЕЛЯТЬ ДО 60 МЛРД ТЕНГЕ ФЕРМЕРАМ ДЛЯ ОБНОВЛЕНИЯ СЕЛЬХОЗТЕХНИКИ
Минсельхоз продолжает делиться результатами по исполнению поручений Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева в преддверии Дня работников сельского хозяйства. В этом материале речь пойдет об обновлении сельхозтехники.
Сказано:
«Нужно дополнительно рассмотреть актуальный вопрос массового обновления парка сельхозтехники. Важно задействовать все возможные источники финансирования. Поручаю внедрить механизм льготного кредитования с целью приобретения отечественной сельхозтехники за счет средств оператора РОП» (Президент Касым-Жомарт Токаев на расширенном заседании Правительства).
Сделано:
МСХ начал реализацию поручения Главы государства в августе 2022 года. На программу льготного лизинга отечественной сельхозтехники выделили 40 млрд тенге (30 млрд тенге АО «Жасыл даму» и 10 млрд тенге – коммерческие средства АО НУХ «Байтерек). Аграрии получали кредит без первоначального взноса под 6% годовых. Это позволило к началу массовых уборочных работ 872 аграриям приобрести в лизинг 1053 единицы техники (176 комбайнов и 877 тракторов).
Также Правительством принято решение о направлении 20 млрд тенге из фонда АО «Жасыл даму» на льготный лизинг сельхозтехники. С 18 октября 2023 года основной оператор программы – АО «КазАгроФинанс» – начал принимать заявки от сельхозтоваропроизводителей.
Кроме того, в 2023 году МСХ реализовал программу финансирования льготного лизинга кормоуборочной техники через АО «КазАгроФинанс» на 20 млрд. тенге, на 2024 и 2025 годы – по 30 млрд тенге. Также планируется финансировать приобретение порядка 2,8 тыс. единиц кормозаготовительной техники, в том числе – навесной и прицепной. C 26 июня 2023 года АО «КазАгроФинанс» начал реализацию программы.
Необходимо отметить, что Концепция развития агропромышленного комплекса Республики Казахстан на 2021-2030 годы предусматривает выделение долгосрочного бюджетного кредита АО «КазАгроФинанс» до 30 млрд тенге ежегодно в 2023-2025 годах для финансирования приобретения сельхозтехники казахстанского производства.
Учитывая продолжительность сроков согласования указанных мероприятий, АО «КазАгроФинанс» с 26 июня 2023 приступил к льготным программам лизинга сельхозтехники отечественного производства за счет внутренних резервов (26,5 млрд тенге).

Добавить комментарий