6 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Аққұдық ауылында «Алабота асыл тұқымды зауыты» ЖШС-нің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті.
Қазақстан фермерлері қауымдастығының Басқарма төрағасының орынбасары Ермек Абуов Қазақстан фермерлерінің қауымдастығы атынан «Алабота Асыл Тұқымды Зауыты» ЖШС-нің 90 жыл толу мерейтойымен құттықтай келе ауыл шаруашылық саласында жемісті еңбек етіп жүрген бір топ осы шаруашылықтың еңбеккерлеріне Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісін, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің «Құрмет грамотасын», «Қазақстан Фермерлерінің Қауымдастығы» заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлер қауымдастық нысандағы бірлестігінің «Үздік Фермер» төсбелгісін және «Құрмет грамотасын» табыс етті.
2 ответов
Sku Tufik
Спасибо!
Олег Филимонов
тут