Айлардың сұлтаны — Рамазан айы құтты болсын!

with Комментариев нет

Қадірменді отандастар!

Баршаңызды айлардың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын.

Рамазан – Алланың мейірімі төгіліп, жұмақтың есігі айқара ашылатын, иманды күшейтуге мүмкіндік берілген берекелі ай. Бұл – Жаратушы Иеміздің ұлы сыйы. Нығметі.

Күнделікті тіршілік қамымен жүретін пенденің жүрегіне бұл айда иман нұры ұялайды. Сабырлық, қайырымдылық, мейірімділік, бауырмалдық секілді адамдық асыл қасиеттер артады.

Сауаптар еселеніп жазылатын айда жасалған қайырлы істің қайтарымы адам баласы үшін айтып жеткізу мүмкін емес. Сондықтан жақсы істермен жарысып, Жаратушының разылығына бөленуге асығайық ағайын!

«Қазақстан Фермерлері Ассоциациясы» Басқарма Төрағасы – Жигули Дайрабаев.

‐———————————————————————-

Уважаемые фермеры соотечественники!

Сердечно поздравляю с наступлением Священного месяца Рамадан!

Священный месяц Рамадан является временем духовного обновления, проявления гуманизма и миролюбия, сострадания и любви к ближнему. На протяжении многих веков это знаменательное событие отмечается совершением добрых дел, бескорыстной помощью нуждающимся.

В священный месяц Рамадан желаю Вам, Вашим родным и близким благополучия, здоровья и всего самого доброго!

Председатель Правления «Ассоциация фермеров Казахстана» Жигули Дайрабаев.

Добавить комментарий