20 қарашада Басқарма төрағасы Жигули Дайрабаевтың төрағалығымен Қауымдастығымыздың облыстық филиалдары басшыларымен кезекті скайп-кеңес өтті. Жиналыста филиал басшыларының жұмыстары талқыланып, осы жылғы жоспарлардың орындалу барысы туралы әңгіме қозғалды.
Кеңесте Басқарма төрағасы Жигули Дайрабаев Қазақстан фермерлері қауымдастығының атқарған жұмыстары туралы қысқаша тоқтала кетті. Содан соң облыстық филиалдар басшыларының есептері тыңдалды.
Өз есептерінде облыстық филиалдар басшылары Қауымдастыққа мүшелікке тарту жұмыстары, жергілікті билік органдарымен жұмыс істеу барысы, жұмыс барысында туындайтын проблемалар мен оларды шешу жолдары және т.с.с. туралы мәлімдеді.
Кеңесті қорытындылай келе Басқарма төрағасы Жигули Дайрабаев облыстық филиалдар басшыларына жұмысты жандандырып, биылғы жұмыс жоспарын толығымен орындау және шешілмей жатқан мәселелер бойынша ұсыныстар жолдау туралы тиісті тапсырмалар берді.
on 20 ноября, 2023
with
Комментариев нет
Добавить комментарий