with Комментариев нет
Елордада «Өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бойынша Астана қаласының қоғамдық кеңесі өтті. Астана қаласының аграрлық-индустриялық аймақты дамыту тұжырымдамасы талқыланды. Жоба халықтың әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына экономикалық қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелерін шешуге және агроөнеркәсіп кешені мен тауарлардың отандық өндірісін дамытуда драйвер болуға арналған. Жаңа индустриялық аймақты құруға 16,3 миллиард теңге қажет болады.
Қазақстан фермерлері қауымдастығының Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Е. Абуов жоба іске қосылған жағдайда қаншалықты қала халқына тиімді болатыны, аграрлық өнім бағасын төмендетуге мүмкіндік береді ме, инфляция деңгейі қанша пайызға төмендейді, барлық санаттағы шаруа-фермерлер өндірген өнімдерін делдалсыз жеткізе алады ма және қоғамдық тыңдаудан өткізу қажеттігі туралы өз ойын ортаға салды.
Сонымен қатар, фермерлердің ең басты проблемасы — өндірген өнімдерін делдалсыз сауда орындарына нарықтағы бағамен жеткізе алмауы.
Азық-түлік бағасының күн санап қымбаттауы қарапайым халыққа салмақ түсіріп отыр. Азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне Астана қаласы әкімдігі тарапынан дұрыс бақылаудың болмауынан осындай жағдай орын алып отыр. Ет өнімдері бағасы ішкі нарықта шарықтап, алыпсатарларға қолайлы жағдай туып отыр. Мысал ретінде, шаруа-фермерлер сиыр етінің 1 кг 1600-1800 теңгеден алыпсатарларға өткізуде, ішкі нарықта Астана қаласында халыққа 3200-4000 теңгеге сатылуда. Бұдан кім ұтып отыр?! Фермерлер өндірген өнімдерін делдалсыз сауда орындарына тура жеткізген жағдайда инфляция деңгейін төмендетуге мүмкіншілік беретіні жайлы айтылды.                                                                                                   

Добавить комментарий