9 қарашада Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұйымдастыруымен биылғы жылы күнбағыс дақылын сатып алу мәселесін талқылау бойынша отырыс өтті.
Талқылау басында Қауымдастықтың басқарма төрағасының орынбасары Әкпар Мәуленов бұл мәселе бойынша мынадай ойларын ортаға салды:
— отандық қайта өңдеу кәсіпорындары күнбағысты фермерлерден төмен бағамен сатып алады;
— күнбағысты сыртқа сатуға салынған баж салығы фермерлерге өсірген өнімін қалаған бағамен сатуға мүмкіндік бермей отыр;
— бұл баж салығы күнбағыс майының бағасын түсіру мақсатында енгізілген болатын, алайда бағаның ешқандай түскенін байқап отырған жоқпыз, керісінше дүкендерде біздің майдың бағасы ресейлік майдың бағасынан 1,5-2 есе қымбат;
— күнбағыс дақылына баж салығы салынса, сыртқа сатылатын күнбағыс майына да баж салығын енгізу керек, өйткені халық шикі дақылды емес, майды пайдаланады, сонда мүмкін майдың бағасы түсетін шығар;
— тоқетерін айтқанда, күнбағысты сыртқа сатуға салынған баж салығын толығымен алып тастау қажет.
Біздің бұл ұсынысымызды жиналысқа қатысқан фермерлер, өзге қауымдастықтардың өкілдері де толығымен қолдады.
Фермерлердің айтуынша, қазіргі күнде қайта өңдеу кәсіпорындары күнбағысты фермерлерден 135-155 теңгемен сатып алады екен, ал Қытайдың беріп отқан бағасы – 200 теңге.
«Осындай бағамен қайта өңдеу кәсіпорындары сатып алуға дайын ба» деген сұраққа қайта өңдеушілер қауымдастығының басшысы мардымды жауап бере алмады.
Отырысты қортындылай келе, Ауыл шаруашылығы министрлігі талқылау қорытындысын Премьер-Министрдің орынбасары С.М. Жұманғаринге жеткізіп, содан-соң тиісті шешім шығарылатынын мәлімдеді.Оң шешім шығады деген үміттеміз…

Добавить комментарий