2023 жылғы 3 қарашада Қазақстан Фермерлері Қауымдастығының 20 жылдығына арналған Республикалық Конференция өтті. Конференцияда Қазақстан Фермерлері Қауымдастығының Мәлімдемесі жарияланды
Қазақстан Фермерлері Қауымдастығының
МӘЛІМДЕМЕСІ
Біз, өндірістік секторда 20 жылдан астам тәжірибесі бар Қазақстан фермерлері қауымдастығы конференциясының делегаттары, агроөнеркәсіптік кешеннің 60 мыңнан астам субъектісінің, жұмысшылар мен ауылдық өңірлер тұрғындарының мүдделерін білдіре отырып, ел Президентінің ауыл шаруашылығын экономиканың негізгі драйверіне айналдыру жөніндегі бастамаларын қолдай отырып, МӘЛІМДЕЙМІЗ:
1. Өндірістің, ауыл халқының жұмыспен қамтылуының және олардың әлеуметтік-экономикалық саламаттылығының тұрақты өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ агробизнесті ұзақ мерзімді жоспарлау және инвестияциялар тартуға кепілдік ретінде қызмет ету үшін АӨК субъектілерін жыл сайынғы мемелекеттік қолдау көлемі ауыл шаруашылығы жалпы ішкі өнімінің кемінде 10%-ы болуы тиіс.
2. Бюджет қаражатын тиімді және атаулы пайдалану маңыздылығын ескере отырып, сыбайлас жемқорлық қатері мен бюрократияны болдырмау үшін, Қауымдастықтың Басқарма төрағасының субсидияларды бөлуге қоғамдық ұйымдарды белсенді тарта отырып, оларға квота беру қағидатын енгізу жөніндегі бастамасын қолдаймыз.
3. Субсидиялаудан ұзақ мерзімді қолжетімді кредиттеуге кезең-кезеңмен көшуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан фермерлері қауымдастығының барлық өңірлерде мамандандырылған аграрлық банк құру туралы петициямен ҚР Үкіметінің атына қол жинауға бастамашылық жасау ниеті туралы хабарлаймыз. Фермерлердің өздерінің қаржылық міндеттемелеріне деген жосықсыз көзқарасы туралы жалған имиджін толығымен жоюдың уақыты келді.
4. Азық-түлік тауарлары бағасының үздіксіз өсуін ескере отырып, оларды тікелей реттеудің кез келген әрекеті, соның ішінде экспорт пен әкімшілік қысымды шектеу нарықтық экономика қағидаттарына қайшы келеді деп санаймыз. Неғұрлым ұтымды шешім ретінде кооперация құралдарын қолдана отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін кепілдендірілген сатып алу жүйесін ұйымдастыру қажет.
Қауымдастық мүшелері өз тарапынан Мемлекет басшысы бастамашы болған «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыруға белсене қатысуға және елдің азық-түлік тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін нығайту үшін қызмет етуге дайын!
3 ноября 2023 года состоялась Республиканская Конференция, посвященная 20-летию Ассоциации фермеров Казахстана. На конференции было озвучено заявление Ассоциации фермеров Казахстана
ЗАЯВЛЕНИЕ
Ассоциации фермеров
Мы, делегаты Конференции Ассоциации фермеров Казахстана, представляя интересы более 60 тысяч субъектов агропромышленного комплекса, работников и жителей сельских регионов, имея более 20 лет опыта в производственном секторе, поддерживая инициативы Президента страны по превращению сельского хозяйства в основной драйвер экономики, ЗАЯВЛЯЕМ:
1. Объемы ежегодной государственной поддержки субъектов АПК должны быть не менее 10 % от валового внутреннего продукта сельского хозяйства, чтобы обеспечивать устойчивый рост производства, занятости сельского населения и их социально-экономического благополучия, а также служить гарантией для долгосрочного планирования агробизнеса и привлечения инвестиций.
2. Учитывая важность эффективного и адресного использования бюджетных средств, во избежание коррупционных рисков и бюрократии, поддерживаем инициативу Председателя Правления Ассоциации по внедрению принципа квотирования субсидий с активным привлечением к их распределению общественных организаций.
3. Для обеспечения поэтапного перехода от субсидирования к долгосрочному доступному кредитованию объявляем о намерении Ассоциации фермеров Казахстана иницировать во всех регионах сбор подписей в адрес Правительства РК под петицией о создании специализированного аграрного банка. Наступила пора полного искоренения ложного образа фермеров об их недобросовестном отношении к своим финансовым обязательствам.
4. Принимая во внимание неуклонный рост цен на продовольственные товары, считаем, что любые попытки их прямого урегулирования, включая ограничение экспорта и административного давления, противоречат принципам рыночной экономики. Более рациональным решением видится организация системы гарантированного закупа сельскохозяйственной продукции с применением инструментов кооперации.
Со своей стороны члены Ассоциации готовы активно участвовать в реализации иниицированной Главой государства Концепции «Справедливый Казахстан» и служить во благо укрепления продовольственной независимости и безопасности страны!
Добавить комментарий