ЖУРНАЛИСТ – МАҢЫЗДЫ МАМАНДЫҚ!

with No Comments

Журналистер туралы бір ақын былай деген екен: «Жол үстінде үнемі, қалашыл хәм далашыл, Жаңалықтың жаршысы, жақсылыққа жанашыр. Оттан да өткір сөз семсер дүниесі бар асыл, Оқырманнан оқшау еш сақталмайды дара сыр.»…

Расында да ел мүддесі үшін шырылдап, жер кезіп, шапқылап, кәсібінің қызығына батып, шыжығына көніп жүрген осы журналистер.
Соларды кәсіби мерекесімен алғашқы болып құттықтаймыз деп кішігірім дастархан ұйымдастырған жайымыз бар. «Айқын» газеті, «Қазақстан», «Хабар», «Хабар 24» телеарналары мен Қазақ радиосының қызметкерлері қонақ болып қайтты.

Төрағамыз Жигули Молдақалықұлы рухани құндылықтар туралы ой қозғап, «Жаңа Қазақстанның» басты бағыттары бойынша пікірін білдірді.

Leave a Reply