50 мыңнан астам ауыл шаруашылығы құрылымдары (ШҚ, ЖШС) Қауымдастық мүшелері болып табылады.

Қауымдастық қызметінің негізгі мақсаты фермерлердің (шаруа қожалықтарының) және агроөнеркәсіптік кешеннің басқа да қатысушыларының қызметін жүзеге асыру және дамыту үшін ішкі және сыртқы нарықтардың сапалы тамақ өнімдеріне, тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктерін қанағаттандыру жолымен қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді және агроөнеркәсіптік кешеннің басқа да қатысушыларын мемлекеттік және мемлекеттік емес қолдау жүйесін жетілдіруде жан-жақты жәрдемдесу, оның ішінде техника мен жабдықтар лизингін дамыту, фермерлердің (шаруа қожалықтарының) қаржы ресурстары мен жаңа технологияларға қол жеткізуін кеңейту.

Негізгі мақсатқа жету үшін қауымдастық алдағы уақытта да мыналарды жоспарлап отыр:

1) қауымдастықтың мақсаттары мен міндеттері туралы ақпаратты тарату және түсіндіру;
2) заң шығару қызметіне қатысу;
3) мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен өзге де ұйымдарда Қауымдастық мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне өкілдік ету және оларды қорғау; ;
4) қауымдастық мүшелеріне әдістемелік, ұйымдастырушылық және өзге де көмек көрсету; ;
5) қайырымдылық қызметті;
6) конференцияларды, семинарларды, дөңгелек үстелдерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына және қауымдастық Жарғысына қайшы келмейтін өзге де іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
7) халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау және халықаралық байланыстарды дамыту болып табылады.